Бас прокуратура Күдебаевтың шекараны қалай кесіп өткенін айтты

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
14 маусымда Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың мемлекеттік шекараны қалай және қай жерден кесіп өткенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жандос Өміралиевтің сөзінше, Серік Күдебаевтың Қазақстан шекарасынан өткізу пункті арқылы өтпеген.

"Берген жауабы бойынша, ол Қазақстан шекарасынан Кеген ауданында темір қоршауды көтеру арқылы өтіп кеткен".Жандос Өміралиев

2023 жылғы 3 сәуірде Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы сотқа келмей, оған халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

ҰҚК шекара қызметі Серік Күдебаевтың ресми түрде шекарадан өтпегенін мәлімдеді. Сәуірдің 12-сі күні Бас прокуратура Алматы облысы полициясының экс-басшысына қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

27 сәуірде Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео