Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш берді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда екі айдың ішінде бірінші сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш түскен. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, бүгінде 1-сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады.

"Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Ата-аналар белсенділік танытып жатыр. Биылғы бірінші сыныпқа қабылданушылар арасында мемлекеттік тілде оқығысы келетіндер көп. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша Қызылорда (94,1%), Маңғыстау (93,2%), Ұлытау (82,5%), Түркістан (80,6%) және Жамбыл (79,4%) облыстары ең жоғары көрсеткішпен алда тұр", – деді комитет төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

1-сыныпқа қабылдау бойынша өтінімдердің жоғары көрсеткіштері де Қызылорда (92%), Ұлытау (83,7%), Шығыс Қазақстан (78%), Маңғыстау (87,1%) Түркістан (79,8%) облыстарында байқалады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сонымен қатар денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фото қоса беріледі. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды