Ақсуда оқушы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
2023 жылғы 15 маусымда әлеуметтік желілерде Ақсуда оқушы қыз тоғызыншы қабаттан секіріп кетті деген ақпарат тарады. Бұл дерекке Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kerek.pv Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, №4 мектептің кәмелетке толмаған оқушысы 14 маусымда өз-өзіне қол жұмсаған.

"Кеше, 14 маусым күні сағат 22:46-да Ақсу қаласындағы  Астана көшесінде тұратын 2008 жылы туған кәмелет жасқа толмаған қыз (№4 орта мектептің тоғызыншы сынып оқушысы) тоғызыншы қабаттың балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарланды. Қазір бұл жайттың мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Жедел жәрдем "103" нөміріне қоңырау 22:29-да түскенін мәлімдеді. Шақырту  себебі – тоғызыншы қабаттан құлау. Дәрігерлер 6 минутта жетіп, 15 жасар қыздың оқиға орнында қаза тапқанын анықтады.

Туыстарының айтуынша, ол үйдегі кішкентай балалардың қайда екенін көру үшін терезеден аулаға қарап тұрып, абайсызда құлап кеткен.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық полицияға жүгінді.

"Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық экспертиза тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр" Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

2023 жылғы12 маусымда Ақтөбедегі тұрғын үйлердің бірінде 19 жастағы студент жетінші қабаттың терезесінен құлап кеткені белгілі болды. Туыстары қызды зорлап, артынша өлтірген деп есептейді. Бұл факті бойынша полицейлер «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша іс қозғады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды