Екібастұзда егде әйелді көлік қағып кетті

Сурет: Zakon.kz
14 маусымда сағат 17.35-те Әуезов көшесінде "Болашақ" сауда үйіне қарсы жолда Тoyota Avensis маркалы көліктің жүргізушісі 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, әйел адам жолдың тыйым салынған жерінен өтіп бара жатқан. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Жол апаты бойынша тексеріс жүргізілуде, тиісті  сараптамалар тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды" деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өңірлік жедел жәрдем стансасы мәліметінше, жедел жәрдем көлігі тиісті хабарлама келіп түскен соң 6 минут ішінде оқиға орнына келіп жеткен. Зардап шеккен әйел түрлі дене жарақаттарымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілген.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз