Солтүстік Қазақстан облысында жан түршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылғы 16 маусымда тас жолда Lexus пен "ВАЗ-2104" көлігі соқтығысты. Жантүршігерлік апаттан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 7:55-те Көкшетау –Омбы тас жолының 53 шақырымында СҚО Тайыншы ауданының Аймақ ауылына жақын маңда болған.

Сурет: polisia.kz

Сурет: polisia.kz

"Алдын ала анықталғандай, Lexus автомашинасы Көкшетау қаласынан келе жатып қарсы жол жолағына шығып кеткен. ЖКО салдарынан 7 адам зардап шекті: 5 адам оқиға орнында қайтыс болды, оның ішінде екі көліктің жүргізушілері бар. Қалған зардап шеккендер медициналық көмек алу үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды", делінген хабарламада.

ЖКО фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет "бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Ведомство қажетті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

Петропавл
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: