СІМ Қазақстан азаматы Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты ақпарат берді

Сурет: Сыртқы істер министрлігі
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Грузияда Қазақстан азаматының өлтірілгені туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан азаматы Жанбота Төлегеннің Грузияда өлтірілуіне қатысты ақпаратында СІМ Азаматымыз Грузияда жеке сапармен болғанын, оның кәсіби қызметіне еш қатысы жоқ екенін айтты.

"Грузияда Қазақстан азаматының өлтірілгені туралы ақпаратты растаймыз. Осы жылдың 24 мамыры Тбилисидегі ҚР елшілігіне Телави қаласының құқық қорғау органдарынан Қазақстан Республикасы азаматының өлтірілгені туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін кісі өлтіру дерегі мен күдіктінің жеке басы айтылмады". ҚР Сыртқы істер министрлігі

Марқұм болған азаматтың денесі туған еліне жеткізіліп, 2 маусымда жерленген.

"Қазақстанның Грузиядағы консулы жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста болып, бұл мәселені бақылауда ұстайды" деп қосты министрлік.

Бұған дейін Грузия полициясы Қазақстан журналисі өлтірілгені туралы деректерді жариялаған еді.

Жанбота Төлегеннің із-түзсіз жоғалып кеткенін бұған дейін әріптесі әрі журналист Нәзира Дәрімбет хабарлаған. Нәзираның айтуынша, ол соңғы рет WhatsApp желісінде әріптесімен 19 мамырда сөйлескен. Содан кейін Жанбота Төлеген хабарласпай кеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс