Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты орын алып, 6 адам қаза тапты

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
20 маусымда сағат 18.15 шамасында Қарағанды қаласынан 20 шақырым қашықтықта республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолында Toyota Camry және Nissan автокөліктері соқтығысып, қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД мәліметінше, жол апаты салдарынан 6 адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушісі де алған дене жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Екі кәмелетке толмаған бала әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

"Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындылары бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды