Атырау облысында қарақұрттан ірі қара мал қырылып жатыр

Сурет: pixabay
Атырау облысының Индер ауданында қарақұрт шағып өліп жатқан мал саны көбейіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа райының аптап ыстығы мен құрғақшылыққа байланысты Индер ауданында улы жәндіктер көбейіп, төрт түлік, соның ішінде түйелерді қарақұрт шағу деректері тіркеліп жатыр, деп жазды ATPress әкімдікке сілтеме жасап.

Аудандық ветеринариялық стансаның мәліметінше, барлығы 112 малды, оның ішінде 108 түйені қарақұрт шаққаны анықталып отыр.Олардың 16-сы өлген. Атап айтқанда, Елтайда 8, Есболда 25, Бөденеде 11, Жарсуатта 4, Көктоғайда 54 түйе мен 2 жылқы, Өрлікте 6 түйе және Индерде жылқы мен сиыр тіркелді.

Басылымның жазуынша, қазір қарақұрт шаққан малдарға антибиотикпен ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды