Семейде жолаушылар мінген автобус өртенді

Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
21 маусымда Семейде автобус өртеніп кетті. Бұл туралы 21 маусымда Zakon.kz тілшісіне Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан автобустың видеосы тарады.

Instagram-дағы go_semey_  парақшасы оқырмандарының жолаушылар көліктен шығып үлгергенін жазды.

"Бәрі аман! Қашып үлгерді. Өрт сөндірушілер тез жетті, жарайсыңдар".

Семейде Шұғаевт көшесінде автобус өртеніп жатыр деген хабарлама "101" пультіне сағат 8:50-де түскен.

"Құтқару бөлімшелері келгеннен кейін 2013 жылғы ПАЗ автокөлігі жүріп бара жатқанда қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, аспаптар панелі, салонның ішкі қаптамасы, отырғыштары мен кузовы жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы 20 шаршы метр болды. Өрт тезарада сөндірілді". Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өрттің алдын ала себебі – қауіптілігі жоғары агрегатқа салғырт қарау.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер болмағанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі