Түркістан облысында жайылымдық жер тапшылығын қолдан жасаған 174 ауыл әкімі әкімшілік жауапқа тартылды

Сурет: freepik
Түркістан облысының прокуратурасы "Қолжетімді жайылым" жобасының аясында 174 ауыл әкімін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңгеге әкімшілік жауаптылыққа тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді "жақсарту" мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған.

"Нәтижесінде бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару Жобасын түзу және бекіту барысында қолданған. Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн. га-дан 652 мың га дейін төмендеген.".Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұрын бекітілген осыған ұқсас жобаларды қайта қарау жұмыстары қолға алынған.

Осы тектес кемшіліктерді алдын алу мақсатында Түркістан облысының прокуратурасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне, Ауылшаруашылығы министрлігіне және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныстар жолдады.


19 сәуір күні Павлодар облысында әкімдік ауылдың жайылымдық жерін кәсіпкерге заңсыз бергені мәлім болды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды