Шымкентте пара алды деген күдікпен әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 22 маусым күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ұсталғанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынғанын мәлімдеді.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде",  – делінген хабарламада.

Департамент басшысының мәлімдеуінше, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Шымкент
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты