Алматыда "Алтын белгі" түлектері салтанатты түрде марапатталды

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда Республика Сарайы алдындағы Абай атындағы алаңда Алматы қаласы мектептері түлектерін «Алтын белгі» «ЖАС ТҮЛЕК-2023» белгісімен марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, сегіз аудан әкімдері мен білім беру ардагерлері әр түлекке «Алтын белгі» жоғары марапатын тапсырды. Биыл Алматы қаласы мектептерінің 474 түлегі «Алтын белгі» жоғары наградасына ие болу құқығын растады. Оның ішінде қала мектептерінің 423 түлегі және 51 республикалық мектеп түлегі (НЗМ, РФММ, Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мектеп-интернаты).


«Алтын белгі» иеленген түлектерді осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер қаламыздың мақтанышысыздар. Сіздерге алға ұмтылып, жүректерің қалаған мамандыққа жетуге тілектеспін. Елдің дамуына зор үлес қосатындарыңа сенімдімін. Мен өнегелі ұрпақ тәрбиелеген мұғалімдер мен ата-аналарға алғыс білдіремін. Барлық үмітіңіз бен армандарыңыз орындалсын!»,- деді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Салтанатты іс- шара соңында түлектер дәстүр бойынша Динайдың «Құс жолы» әнінің ырғағымен қоштасу вальсін биледі. 

Айта кетейік «Алтын белгі» төсбелгісімен 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқу үздіктері марапатталады. «Алтын белгімен» марапатталғандардың конкурс өткен кезде білім беру гранттарын алуға басым құқығы бар. Сонымен қатар биыл ғана халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 7 алтын, 11 күміс және 23 қола медаль жеңіп алған мегаполис оқушылары атап өтілді.

2023 жылы Алматы мектептерін барлығы 14 876 түлек, оның ішінде мемлекеттік мектептерді 12 682 түлек, жеке меншік мектептерді 2194 түлек бітірді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді