Қарағанды облысында бұршақ жауды

Сурет: pixabay
Осакаров ауданында Приишимское ауылында сағат 17:00 шамасында бұршақ жауды. Облыс тұрғындары қолайсыз ауа райын желіде қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті тұрғындар бұршақ жауып тұрған сәтті видеоға түсіріп алып, желіге жүктеген. Адамдар мал, бау-бақша өсіретін фермерлер мен саяжай иелеріне қиын болатынын айтып, видео астына көптеп пікір қалдырып жатыр. 



"Шаруаларға обал болды, отырғызған бақша дақылдарын бұршақ "жапырып" өткен болар".

"Сақтықта қорлық жоқ деген, отырғызған көк-сөкті жылтырмен немесе шүберекпен жауып қойған дұрыс болар". 

"Теміртау қаласының сыртындағы саяжайлар төңірегінде де бұршақ жауды"


Бұған дейін Қазақстанның 16 облысында сенбіге арналған дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады