Қарағандыда бойжеткен төртінші қабаттағы пәтерінің терезінен құлады

Сурет: Zakon.kz
Гоголь көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің төртінші қабатынан бір бойжеткен құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы novosti.karaganda парақшасында жарияланған жазбада қыздың пәтерінде бірнеше жігіт болғаны, олар тез арада қашып кеткені айтылады.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен қыздың 27 жаста екенін нақтылады. Ол комаға түскен, қойылған диагноз - мидың қатты зақымдануы.

Облыстық полиция департаменті аталған факт полицияда тіркелгенін, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз