СҚО полиция ғимаратының маңынан ер адамның мәйіті табылды

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысының Новоишим ауылында Ғабит Мүсірепов ауданының полиция ғимаратының жанында ер адамның асылып қалғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер бұл ақпаратқа түсініктеме берді.
"27 маусым күні сағат 07:00 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан орталығы –  Новоишим полициясының әкімшілік ғимаратының аумағында зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілер байқалмаған 56 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті", – делінген хабарламада.

Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы ер адамның жүргінші жолағымен аудандық полиция бөлімінің №2 әкімшілік ғимаратына қарай өтпек болғанын анықтады. Сонан соң ол ғимарат аумағына өткен, кейін оның мәйіті табылған.

Полицейлер әкімшілік ғимараттың аумағы күзетілмегенін және бас полиция ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқанын атап өтті.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

"Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тиісті сараптамалар мен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ведомство қызметтік тексеру тағайындалғанын қоса мәлімдеді.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін