Кентауда 58 адам уланып, ауруханаға түсті

Сурет: pixabay
Кентау қаласындағы дәмханалардың біріне барған 58 адам уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.

"Топтық тамақтан улану дерегі тіркелді. 58 адам улануды "Ризик Раяна" дәмханасынан тамақ ішкенімен байланыстырады. Жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нысанның қызметі тоқтатылды, қылмыстық іс қозғалды. Зертханалық зерттеуге науқастардан, қызметкерлерден, тамақтан материал алынды. Тексеруге облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары тартылды. Науқастардың жағдайы орташа ауыр".Айжан Есмағамбетова

Жаппай улану фактісі 27 маусымда тіркелген. Тамақтан улану диагнозымен барлығы 58 жағдай тіркелді. Кентау қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде 39 адам жатыр, тағы 19 адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі 20-дан астам бала, 18 ересек адам, оның ішінде екі жүкті әйел бар.

Қазақстан
Түркістан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды