Атырау мұнай өңдеу зауытын қала сыртына көшіру мүмкін бе – ресми тұлғаның жауабы

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Атырау қаласының тұрғындары экология, "АМӨЗ-ді" басқа жаққа көшіру жайы көптен алаңдатып келеді. Көпті алаңдатқан бұл сауалға кәсіби мерекеге орай журналистермен кездесу кезінде зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратов жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"...Біздің зауыт КСРО кезінде салынған, қазір олай салмайды. Бүкіл зауытты көшіру, шын мәнінде, жаңа кәсіпорын жобасы. Бүкіл жабдықты басқа жерге көшіру ме? Бұл мүмкін емес!" - деп хабарлайды azh.kz Досмұратовтың сөзін келтіріп.

Оның айтуынша, ол үшін жаңа зауыт салу керек. Ал қазіргінің барлығын алып, басқа жерге қайта қою техникалық тұрғыдан мүмкін емес көрінеді.

"Одан да жұмыс істеп тұрған зауыттың жұмысын қиындық тудырмайтындай ретке келтірген дұрыс. Ол үшін сенімділікті арттыру керек: электр қуатын сырттан тұрақты беруге, осы ескі қондырғылардағы технологияны жетілдіруге барынша басымдық беріп жатырмыз, бұл проблема емес, оны біртіндеп іске асырудамыз". "АМӨЗ" бас директоры Мұрат Досмұратов
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды