ТЖД Қаспий жағалауынан 5 адамды құтқарды

Сурет: gov.kz
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бір күнде Каспий жағалауынан 5 адам құтқарылғанын айтып, жабдықталмаған жерде шомылуға болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 маусым күні Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінің кезекшілігі кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1997, 1995, 2009 жылы туған азаматтарды құтқарды.

Бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар тағы екі жігітті тауып, жағаға алып шықты.


"Құтқарылғандардың барлығы жабдықталмаған шомылу орнында шомылған. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады".Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды