2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілді

Сурет: pixabay
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жағымды жаңалығымыз бар. 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған “Қазақ” газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық ренессанстың қайнар көзіне айналып, халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды", - деп жазды Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында.

Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен. Енді бекітілген Ұлттық басылым күні де - журналистер қауымы үшін тағы бір атаулы дата. 

"Баспасөз саласында еселі еңбек етіп, қалам тербеп жүрген барша әріптестерімізді ұлттық баспасөз күнінің белгіленуімен құттықтаймын!" - деді министр.

Қазақстанда Ұлттық басылым күні бекітілетіні 2023 жылдың наурыз айының ортасында белгілі болды. ҚР президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның тапсырмасына байланысты мерекенің жаңа күні енгізіліп жатқаны хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды