Серік Күдебаевқа қатысты шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Сурет: ҚР ІІМ
1 шілдеде Жетісу облысының облыстық соты Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Күдебаев 7 маусымда үкімді қайта қарауға қарсы шағым түсірген.
2023 жылдың 3 сәуірінде Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы сотқа келмей, оған халықаралық іздеу жарияланған еді.
ҰҚК шекара қызметі Серік Күдебаевтың ресми түрде шекарадан өтпегенін мәлімдеді. 12 сәуір күні Бас прокуратура Алматы облысы жол полициясының экс-басшысына қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
27 сәуірде Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын хабарлады.
28 сәуір күні Талдықорған қалалық сотының судьясы Әбділла Үмбетай оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды.
Сонымен қатар сот үкімі қаңтар оқиғасына ғана шығарылғаны, оның қашып кеткені бөлек қаралатыны хабарланды.
Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды