Өскеменде дәмхана өртеніп, 55 адам эвакуацияланды

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
2023 жылы 2 шілдеде сағат 5.23-те Өскемен қаласында Қазақстан көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада өрт болды. Қою қара түтін бүкіл ауданды басып калды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер дереу тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Барлығы 55 адам эвакуацияланды, оның ішінде - 10 бала.

"Өрт сөндірушіле сағат 6.19-да 120 шаршы метр ауданды алған өртті сөндірді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 28 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Өрттің шығу себебі бойынша отты абайсыз пайдалану және қасақана өртеу болжамдары пысықталуда.


Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді