Алматы облысында Тәжікстанның екі азаматын өлтірді деп күдікке ілінген шетел азаматы ұсталды

Сурет: Zakon.kz
26 маусым күні Қарасай ауданының полиция басқармасына жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаты бар екі ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, табылған мәйіттер 30 бен 34 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматтары болғаны анықталған.

"Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке 43 жастағы сол елдің азаматы ілінді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны ұстады".Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов

Сурет: polisia.kz

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Іс негізінде сот-медициналық сараптама тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді ПД бастығы.

Сондай-ақ Полиция департаменті тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Менің жаңалығым осы еді". Димаш TikTok-та тікелей эфирде отыр

Армияда қандай өзгерістер болады: Тоқаев әскери реформа жоспарын мақұлдады

Асқар Омаров Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды