Атыраудың тең жартысы жарықсыз қалды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Атырау қаласының жартысы жарықсыз қалды, сондай-ақ су беру де тоқтатылғаны айтылады. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар жазуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Атырау-Жарық" компаниясының мәліметінше, қаланың екі бөлігінде апатты жағдайда токтан автоматты ажырау фактісі орын алған.

Қазіргі уақытта Атырауда Дамба ауылынан, Орталық ықшам ауданнан Талғайыр ауылына дейінгі қаланың сол жағалау бөлігі толығымен және Алмалы ауылынан Жұмыскер ауылына дейінгі қаланың оң жағалау бөлігі ішінара жарықсыз қалған. 

Кейбір бейресми деректерде өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірінде апат болғаны, бұл жағдайдың соған қатысы барлығы айтылады. Алайда бұл ресми түрде расталмаған ақпарат.  Аталған жайтқа байланысты Zakon.kz өңірдегі әрі жоғарыдағы құзырлы ведомстволарға сауал жолдады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді