Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғылар апатты жағдайда жұмысын тоқтатты

Сурет: Zakon.kz
3 шілдеде сағат 18:25-те "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС "KEGOC" АҚ-тың электр энергиясын беруді тоқтатуына байланысты өз жұмысын кілт доғарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"АМӨЗ" ЖШС ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысынан басқа зауыттағы технологиялық қондырғылар апатты түрде жұмысын тоқтатқанын хабарлайды. Шамамен сағат 18:47-де зауыт толығымен токтан ажыратылды. 

Осыған байланысты бастапқы қайта өңдеу қондырғысынан басқа барлық қондырғы жұмысын тоқтатты. Технологиялық регламентке және аварияны жою жоспарына сәйкес қондырғылардағы артық қысым алау қондырғыларына жіберілді.

Қазіргі уақытта сағат 19:30-да электр энергиясы зауытқа әлі берілмеген.

Зауыттың техникалық бөлімінде зауыттың одан әрі жұмыс істеуі үшін апаттың себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өңір тұрғындары Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының маңында да жарық пен су жоқ екенін айтады.


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек