Атырауда екі катер бір-біріне соғылып, тоғыз адам зардап шекті

Сурет: primeminister.kz
Атырауда Жайық өзенінде екі катер бір-біріне соғылды. Апат салдарынан тоғыз адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 шілде күні Атырау облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, 3 шілде күні сағат 20:05 шамасында Атыраудағы Жайық өзенінде серуендеуге арналған екі катер соқтығысты. Бір катерде 10 адам, екіншісінде 25 адам болған.

"Түрлі дене жарақатын алған тоғыз адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі ("Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр".Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Зардап шеккендердің жағдайы туралы толық мәлімет әзірге жарияланған жоқ.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды