Алматыда ер адам өз-өзіне қол жұмсады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 2023 жылы 4 шілде күні кешке ер адам көпқабатты үйдің 11-қабатынан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жастар" тұрғын үй кешенінің терезесінен ер адамның құлап кеткенін Zakon.kz сайтына оқырманымыз хабарлады.

Сурет: Zakon.kz

Қалалық полиция департаменті бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм (1986 жылы туған) психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрған". Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ полиция бір айдай бұрын, 8 маусымда ол өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты. Сол жолы Алмалы ауданының учаскелік инспекторлары 11-қабаттың терезесінде отырған 37 жастағы алматылық азаматты аман алып қалған. Инспекторлардың бірінің айтуынша, ер адам  неге секірмекке әрекеттенгенін түсіндіріп бере алмаған.

2023 жылғы 30 сәуірде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты жатақханада өз-өзіне қол жұмсады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты