Қызылжар орманшылығы аумағындағы құрғақ шөп өрті сөндірілді

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 5 шілдеде сағат 17.28-де Целиноград ауданында Шұбар ауылынан 20 км қашықтықтағы Қызылжар орманшылығының аумағында 0,8 га алаңда құрғақ шөп өртеніп, 1,1 га алаңда орман төсенішіне көшті.

Өрттің алдын ала ауданы 1,9 га болды. Жедел қабылданған күштер мен құралдардың арқасында өрт сағат 18.20-да оқшауланды, сағат 21.10-да сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.


"Өртті сөндіруге орманшылықтан 40 адам мен 3 бірлік техника, Ақмола облысы ТЖД 8 адам мен 2 бірлік техника, Астана қаласы ТЖД 16 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген ТЖД хабарламасында.

Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды