Алматыда барахолка базары өртеніп жатыр

Сурет: ҚР ТЖМ
Алматыда барахолка базарында тағы өрт шықты. Бұл жолы "Кенжехан-2" киім базары аумағындағы қоймалардың бірі өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы ТЖД-ның баспасөз қызметі өрт туралы 9 шілдеде сағат 12-00 шамасында қоңырау келіп түскенін хабарлайды.

"Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері оқиға орнына келіп жеткен соң "Кенжехан-2" киім базарының аумағында контейнерлік үлгідегі қоймада өрт болып жатқанын анықтады. Өрт аумағы анықталу үстінде. Базардағы адамдар эвакуацияланды. Өрт сағат 12-52-де оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада. 

Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелерінің, сондай-ақ қаланың өзге қызмет түрлерінің жеке құрамынан 74 адам мен 20 техника жұмылдырылғаны да нақтыланады.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі