Бесқарағай ауданында құрғақ шөп жанды

Сурет: Абай облысы ТЖД
10 шілдеде сағат 12:35-те "101" пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөптің жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дереу жеткен. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ашық аумақта қамыс, бұта және құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды.

"Өрт 15:18 сағатта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 4,5 гектарды құрады. Орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі өртті сөндіруді құрамында 30 адам және 7 бірлік техника бар Абай облысы ТЖД, ЖАО және "Семей Орманы" МОТР күштері мен құралдары жүзеге асырып жатыр", - делінген Абай облысы ТЖД хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін