Алматыдағы арнайы операция: ҰҚК қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 24 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел қызметкерлері арнаулы мақсаттағы бөлімшені жұмылдыра отырып, Алматы қаласында қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2023 жылғы 24 маусымда ҰҚК жедел қызметкерлері арнаулы мақсаттағы бөлімшені жұмылдырумен Алматы қаласында қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті", – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, аса ірі көлемде есірткі затын сату мақсатында сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.

"Үш күдікті тергеу сотының рұқсатымен қамауға алынып, қалғандарына қатысты қажетті тергеу іс-қимылдары жүріп жатыр".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Комитет қолданылған шаралар Алматы қаласының қылмыстық ахуалын жақсартуға және қылмыстық ортаның қоғамға әсерін әлсіретуге бағытталғанын атап өтті.

"Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Алматы
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты