Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша үкім шықты

Сурет: Zakon.kz
11 шілдеде Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қалалық әуежайды басып алу ісі бойынша бес айыпталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларға мынадай үкім кесті:

Тілеужановаға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген (Қылмыстық кодекстің 272-бабы 1-бөлігі) айып тағылды. Нұрпейісовке жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды (ҚК 272-бабының 1-бөлігі), автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (ҚК 200-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы), тонау (ҚК 191-бабының 1-бөлігі), ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (ҚК 269-бабының 3-бөлігі) баптары бойынша айып тағылды.

Дәлібаев, Шилібаев және Кәрменов жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты (ҚК 272-бабының 2-бөлігі) және ауыр зардаптарға әкеп соққан ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасады, оларды басып алды (ҚК 269-бабы 3-бөлігі) деп айыпталды. Сонымен қатар, Дәлібаевқа көлікті ұрлау мақсатынсыз иемденді (ҚК 200-бабы 2-бөлігі 3-тармағы) деген айып тағылды.

Сот 2022 жылдың 5 қаңтарында Тілеужанова мен Нұрпейісовтің Алматы әуежайында бүлік шығарып, өрт қойю және мүлікті жою сияқты тәртіпсіздіктер ұйымдастырғанын анықтады. Әуежайда оларға Дәлібаев, Шилібаев, Кәрменов қосылған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты