ҰҚК Алматы, Орал және Ақсай қалаларында арнайы операция жүргізді

Сурет: gov.kz
4 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Батыс Қазақстан облысының Прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Орал және Ақсай қалаларында бір мезгілде екі қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қылмыстық топтың 20 қатысушысы бопсалау, бұзақылық және тонау күдігімен ұсталған.

"Бірқатар тінту шаралары өткізіліп, нәтижесінде атыс және суық қарулар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленді. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілер бас пайдасы үшін бейбіт азаматтарды қорқытқан. Ал жапа шеккендер физикалық зорлық-зомбылықтан қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық топтар бұрын сотталғандар мен деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған.

"Қылмыстық топ мүшелері бір-бірімен текетіресте болған және белгілі бір аймақтарда өз әмірін жүргізу үшін қарулы қақтығысқа барған".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.


Орал
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды