"Биыл 9-рет": Бурабай ұлттық паркінде өрт болды

Сурет: Zakon.kz
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 13 шілде күні Темнобор орманшылығының аумағында 0,001 га алқапта табиғи өрт болғанын айтты. Өрттің себебі – найзағай разряды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Орман өрттерінің бейнемониторинг камералары осы телімде сағат 11.00-де түтінденуді тіркеді. Өртті сөндіру сағат 11.15-те басталды. Өрт сөндірілді. Сонымен қатар жануды тоқтату және өрттің қайта басталуына жол бермеу шаралары жүргізілді. Жану себебі – найзағай разряды", - делінген "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" ММ хабарламасында.

Сөндіруге 2 техника (1 тікұшақ, 1 өрт сөндіру машинасы) және 8 адам (4 орман күзеті және МҰТП орманшылығының қызметкері, 4 авиапатрульдік қызметкер) қатысты.


"Айта кетері, жыл басынан бері 14 табиғи өрттің 9-ы найзағай разрядының салдарынан болды", - деп түсіндірді парк әкімшілігі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты