Алматы тауларында адасып кеткен үш жасөспірім құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2023 жылы 15 шілдеде ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласы Медеу ауданының тауларында Букреев шыңынан Бутаков шатқалына қарай түсіп келе жатқан кезде жолдан адасып кеткен үш жасөспірімді іздеуге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 19.43-те туристерді іздеуге 5 адамнан тұратын жедел құтқарушылар тобы, оның ішінде кинологиялық есептоп шықты. Сағат 21.14-те құтқарушылар жасөспірімдерді тауып, Республикалық жедел-құтқару жасағының көлігіне қарай түсіру жұмыстарын бастады.

"Сағат 23.05-те топ балалармен бірге орман асуына жетіп, төмен түсуді жалғастырды. Сағат 00:19-да құтқарушылар мен балалар Республикалық жедел-құтқару жасағының көлігіне жетті. Бутаков шатқалындағы шлагбаум маңында оларды жасөспірімдердің туыстары күтіп алды", делінген хабарламада.

ТЖМ құтқарушылары таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды еске салады.


"Туыстарыңызға немесе жақындарыңызға әрқашан жоспарланған маршрут туралы ескертіңіздер, тауға бір-бірден бармаңыздар, қауіпсіздік үшін жолды қысқартпаңыздар, маршруттың негізгі бөлігін күндізгі уақытта жасаңыздар", делінген хабарламада.
Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз