Саунадағы балалар лагері халықтың ашуын келтірді

Сурет: unsplash
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың балалары лагерьге тегін жолдама алған. Алайда сауна ғимаратынан ашылған лагерь ата-аналардың ашуына тиді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде мектеп оқушыларының бірінің туысы Инка Рокеровна Facebook парақшасында жазды.

"Арман дала" лагерінде осындай келеңсіз жағдай болып жатыр. Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы санатындағы балаларымызды демалысқа жіберді. Сол жаққа бара алған ата-аналарға алғыс айтамын. Ұялы телефондарын алып қойған, ата-аналар балаларымен хабарласа алмаған. Желдетілмейтін бөлмеде 100 баладан жатыр. Балалар еденде ұйықтап жатыр. Жағдай түрмеден де нашар", – деп жазды ол.

Басқа ата-аналар да лагерьде түсірілген бейнежазбаларды жариялады.

Алматы қалалық білім басқармасы келеңсіз жайтты жою үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

"Білім басқармасының қызметкерлері ата-аналардан шағым түскен соң шұғыл түрде "Арман" саяжайына барды. Білім басқармасы бұл ұйыммен келісім-шартты бұзу мәселесін қарастырады. Қазір балалар үйді-үйіне таратылып жатыр. Жақын арада олар бекітілген ережелерді қатаң сақтайтын балалар лагерьлерге қайта жіберіледі.Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі

Шетелдегі қазақ балалары Бурабайдағы лагерьде демалып жатыр. Сегіз мемлекеттен келген 200-ге жуық бала курорттық аймақта демалып жатыр. Үшінші жыл ұйымдастырылған жазғы лагерге келушілер саны артып келеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді