Оралда бала кір жуғыш машинаның центрефугасында тұрып қалды

Сурет: БҚО ТЖД
17 шілде күні Оралда сағат 14:20-да 112 пультіне екі жасар бала кір жуғыш машинаның (жартылай автомат) центрефугасында тұрып қалғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, құтқарушылар баланы арнайы құралдардың көмегімен кір жуғыш машинаның барабанынан шығарып, ата-анасына тапсырды.

"Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс сағат 15:00-де аяқталды. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды!"БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Бұған дейін мамыр айында Павлодарда кір жуғыш машинаға қысылып қалған бала құтқарылған еді.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты