Түркістан облысында Жер ресурстарын басқару департаментінің бастығы қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
ҚР АШМ Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство департамент бастығы мен оның сыбайласы жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінгенін нақтылады.

"Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі 

Ведомствоның баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады