Түркістан облысында шенеунік пара алды деген күдікпен ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық цифрландыру басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, "Бизнеске жол" жобасын іске асыру аясында Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы пара алды деген күдікке ілінген.

"Ол мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру қызметтерін көрсетуге, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқаны үшін 10 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Шарттың жалпы сомасы 280 млн теңге", – делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Түркістан облысында Жер ресурстарын басқару департаментінің бастығы қамауға алынды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді