Алматыда сауда орталығына "жарылғыш зат қойылды"

Сурет: видеодан скриншот
Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне "жарылғыш зат қойылды" деген хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда орталығына көп адам жиналып жатқаны түсірілген видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды. Zakon.kz сайтына қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, сауда орталықтарының біріндегі кинотеатрдың аумағында жарылғыш зат бар деген хабар сағат 16:25-те  түскен.

"Осындай хабарламаларға ден қою алгоритміне сәйкес, қаланың төтенше және жедел қызметтері нысанға тартылды. Сапер бөлімшелері комиссиялық тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылмады".Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция қазір аты-жөні белгісіз тұлғаның жеке басы анықталып жатқанын, ол ҚР Қылмыстық кодексiнің 273-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды