Антикор Жетісу облысы ТЖД бастығының ұсталғаны жөніндегі ақпаратты растады

Сурет: gov.kz
Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Ізбасаровтың ұсталғаны туралы ақпаратты 19 шілдеде Zakon.kz сайтына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады.

Ведомстводағылар мән-жайды сәл кейінірек жариялайтынын айтты.

"Иә, біз оның сыбайлас жемқорлық үшін сотталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді. Толық ақпарат сәл кейінірек болады". ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Олар Бауыржан Ізбасаровқа қатысты қандай бұлтартпау шарасы (қаладан кетпеу, кепіл, үйқамақ, қамауға алу туралы жазбаша міндеттеме) таңдалғанын нақтыламады.

2023 жылғы 19 шілде күні таңертең Талдықорғанда Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Ізбасаровтың ұсталғаны белгілі болған. Дереккөздің айтуынша, полковникті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстап әкеткен.

Бауыржан Ізбасаров бұл қызметті 2022 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.

Талдықорған
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы