Атырау облысында заңсыз көші-қон арнасы кесілді

Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру).

"Қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалдары жүргізілді. Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді", – дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Комитет өкілдері ешкім ұсталмағанын атап өтті.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді.

2023 жылғы 12 және 14 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында өткізген іс-шаралары нәтижесінде екі есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлардың ірі қоймасы жойылды.

Атырау
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз