ҰҚК Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исахов ұсталғанын растады

Сурет: Facebook/Мақсұт Исахов
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың ұсталғаны туралы ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховты ұстады", – делінген хабарламада.

Ведомство қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Дереккөз бұған дейін Шымкентте әкімнің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталғанын хабарлаған еді. Оның сөзінше, Мақсұт Исаховты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері ұстап әкеткен.

Шымкент
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз