СҚО-да ер адам су мұнарасының басынан секірмек болды

Сурет: видеодан скриншот
20 шілде күні сағат 15:00 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Смирново ауылындағы су мұнарасының үстінде ер адам тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар бөлімінің, прокуратура, медициналық қызмет қызметкерлері барған.

"44 жастағы жергілікті тұрғын 20 метрден асатын биіктіктен секіремін деп қорқытқан. Онымен жерден аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Руслан Байжанов келіссөз жүргізді". ОҚО ПД баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, мұнараның төбесіне ЖПҚ бөлімшесінің бастығы Александр Лизун шыққан.

"Ауыл тұрғынының эмоционалдық жағдайын ескере отырып, оны секіруге итермелемеу басты міндет болды. Мен онымен ұзақ уақыт сөйлестім, оны тыныштандыруға тырыстым. Сәті түскен кезде қолынан ұстап, төмен түсуге көндірдім", – дейді ол.

Сурет: polisia.kz

Александр Лизунның айтуынша, оларды баспалдақта полиция бастығының орынбасары Николай Попов күтіп алып, түсу кезінде ол ер адамды сақтандырған.

"Тәртіп сақшылары мен дәрігерлер сауатты бірлескен іс-әрекеттің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды". СҚО ПД баспасөз қызметі

Облыстық полицейлер қазір ер адаммен психолог жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті