Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің 21 шілдеде мәлімдеуінше, облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті қараусыз қалған ғимараттың жертөлесінен ірі көлемдегі қару-жарақ қоймасын тапты.Атап айтқанда 4 бірлік 16 калибрлі ИЖ-ЗК бір оқпанды аңшы мылтығы, 16 калибрлі ИЖ-17 бір оқпанды шолақ мылтық, 9 мм калибрлі Байкал 79-9ТМ травматикалық тапаншаның 2 бірлігі, тапанша, 5,45 мм калибрлі патрондардың 270 бірлігі, 9 мм калибрлі ПМ тапаншасы табылып, тәркіленді.
Полицейлердің айтуынша, соңғысы қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінің қоймасынан ұрланған.
ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалғанын атап өтті. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Павлодар облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының тұрғындарынан шетелдік екі тапанша тәркіледі.