Алматы облысында екі Toyota соқтығысып, 5 адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталды. Бұл туралы Zakon.kz-ке облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты 26 ​​шілде күні таңғы сағат 11:00-де болған.

29 жастағы Toyota Corolla жүргізушісі Алматы-Астана тас жолының 225 шақырымында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан көлік жүргізушілері де, үш жолаушы да алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментіне тіркелді".Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар қажет сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз