Таганрогта дәмханада болған жарылыстан 15 адам зардап шекті

Сурет: Telegram/Василий Голубев
Ресейдің Ростов облысының Таганрог қаласында қатты жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mash Telegram арнасы жарылыстан зардап шеккен адамдар бар екенін жазды.

Оқиға өнер мұражайының жанындағы Банковская алаңында болған. Кемінде төрт адам зардап шеккен, көліктер мен көпқабатты үйге зақым келген, көрші үйлердің терезелері сынған. Жарылыс болған жерге өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келді.

"Қазіргі уақытта 15 адам медициналық көмекке жүгінді, оларды дәрігерлер қарап жатыр. Медициналық көмекке жүгінгендердің барлығы жарықшақтан жарақан алған. Қайтыс болғандар жоқ", – деп жазды Ростов облысының губернаторы Василий Голубев Telegram арнасында.

Губернатор болжам бойынша зымыран жарылғанын мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар қызметі алдын ала мәліметке сүйеніп, үйінді астында адам жоқ екенін айтты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз