Алматы облысының құтқарушылары дәретхана шұңқырынан екі баланы алып шықты

Сурет: freepik
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дәретхана шұңқырына түсіп кеткен үш жасар бала мен оны құтқармақ болған он жасар қызды шығарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс жағдай 2023 жылғы 28 шілде күні болған. Кешкі сағат 18.45-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылындағы әл- Фараби көшесінде дәретханаға бала құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу өрт сөндіру бөлімінен сегіз шақырым жердегі оқиға орнына аттанған.

"Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға (дәретханаға) құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені, бірақ өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталды".Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Балаларды шығаруға Алматы облысы ТЖД үш қызметкері мен техникасы жәрдемдескен. Сағат 18.54-те балалар қазылған шұңқырдан сыртқа шығарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі