Павлодарда жаппай төбелес болып, 14 жастағы жасөспірім ауруханаға түсті

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда полиция бөлімі маңында соққыға жығылған 14 жастағы оқушы көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, 24 шілдеде кешкі сағат 20:30-да 103 шұғыл байланыс желісіне шақырту келіп түскен. Полиция бөлімшесінен 200 метр жерде Чокин көшесінің бойында жаппай төбелес болып, 14 жастағы жасөспірім зардап шеккен.

"Жедел жәрдем көлігі 10 минутта келіп жетті. Жасөспірімнің екі қабырғасы сынып, бас пен арқасынан жарақаттар алған. Зардап шеккен 14 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын", – дейді жедел жәрдемдегідер.

Павлодар облысының полиция департаменті қазіргі уақытта аталған оқиғаның барлық қатысушысы анықталғанын нақтылады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 107-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің жағдайы орташа аурлықтағы деңгейде деп хабарлайды.


"Оған жабық бас сүйек-ми зақымы деген диагноз қойылды. Сондай-ақ, беті, басы, арқасы, кеудесі жарақатттанған", – деді басқармадағылар.

Бүгінде ол балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Барлық қажетті емдеу және диагностикалық шаралар жүргізілуде.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы