Алматы облысынан миллиондаған жасанды темекі қорабы сақталған қойма табылды

Сурет: видеодан скриншот
Тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңге, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңге екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған 2 миллионнан аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойманы Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті анықтады.

"Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болуына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.

Қаржы мониторингі агенттігі ел азаматтарының денсаулығына орны толмас зиян келтіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу жөніндегі белсенді жұмысты жалғастырады.  

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі