Солтүстік Қазақстанда шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапты

Сурет: СҚО әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында EMS AGRO серіктестігінде шошқа фермасында төтенше жағдай болды. Ауысым аяқталғаннан кейін ЖШС-нің төрт жұмысшысы жұмыс орнынан, Новоивановка ауылындағы мал бордақылау алаңынан шықпаған.

Тереңдігі 8 метр кәріз қоймасын тазалау кезінде төртеуі де қаза тапқаны анықталды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Аймақ басшысы қаза тапқандардың отбасына барды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

Қазір оқиға орнында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, полиция бөлімінің бастығы Айдын Қабдулдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Марат Омаров жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді